Қазіргі кезде елімізде Екінші дүниежүзілік соғыстың 237 ардагері бар. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Бүгін таңертең ғана осы мәліметтерді шолып шықтым, 237 адам бар. Оларға 9 мамырда тиісті материалдық төлемдер барлық облыста аударылады. Әкімдіктердің ұсынысы бойынша ардагерлерге 1,5 млн теңгеден кем емес сомада қаражат төленеді», - деді Т. Дүйсенова Мәжіліс кулуарында.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қорғаныс министрлігі 9 мамырда Қазақстанда әскери шеру өткізілмейтінін мәлімдеген.
Сондай-ақ, ведомство Қазақстанның Мәскеудегі әскери шеруге қатысу мәселесі де күн тәртібінде тұрмағанын хабарлаған.