×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Мезгілсіз қайтыс болған сенатор Кәрімованың орнына 5 кандидат тіркелді

05.05.2023, 14:07
mobillegends.net

Мезгілсіз көз жұмған Сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың бос қалған мандатын иелену үшін Солтүстік Қазақстан облысынан 5 кандидат тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімдік сайтында жарияланған хабарламаға сүйенсек, облыстық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну тәртібімен Парламент Сенатының депутаттығына үмітті мына 7 кандидат құжат тапсырған:

- Мелехов Сергей Владимирович;

- Махиня Евгений Сергеевич;

- Есдәулетов Жақсылық Төлеуұлы;

- Жалғасбаев Біржан Нұрмаханұлы;

- Рафальский Анатолий Брониславович;

- Рахметова Әсем Қалашбайқызы;

- Қасенова Рауза Ивановна.

«Бір кандидаттың ҚР Конституциясының және «ҚР сайлау туралы» заңының талаптарына, яғни ҚР мен СҚО аумағында тұрақты тұру бөлігіне сәйкес келмеуіне байланысты ұсынылуы тоқтатылды. Бір кандидат өз еркімен кандидатурасын қайтарып алды. 5 кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталды. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды қолдау үшін сайлаушылардың қолдарын жинау рәсімі басталды», - делінген әкімдік сайтында жарияланған хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 27 қаңтарда жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды. Оған «анафилаксиялық шок» алдын ала диагнозы қойылды. Дегенмен, кейін Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Гүлмира Кәрімованың өліміне тікелей себеп жүрек талмасы екенін айтты.

Күні кеше Астана полициясы сенатордың өліміне қатысты тергеу тоқтағанын мәлім етті.

Серіктес жаңалықтары