×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Art Sport жобасына бөлінген миллиардтар қайда?

07.06.2023, 10:07
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бұл мәселе бүгін мәжілісте көтерілді. Жалпы төменгі палатада бүгін Жоғарғы аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы жөнінде есебі қаралып жатыр. Мәжілісте Үкімет мүшелерінің бәрі жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутат Нартай Сәрсенғалиев «Арт спорт» жобасының мәселесін көтерді. Оның айтуынша, жобаның жүзеге асуына келгенде әттегенайы көп. Депутаттың сөзінше, әкімдіктер былтыр бұл жобаға 24,2 млрд теңге және үкімт резервінен 11,9 млрд теңге бөлінген. Алайда осы ақша таусылып қалды деген жүздеген ата-анадан шағым келіп жатыр. «Бұл қаражат қайда?» дейді депутат.

Бұл сұраққа жауап берген мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жоба былтыр басталғанын айтады. Оның сөзінше, былтыр жергілікті атқарушы билік тарапынан 54,5 млрд теңге бөлінген. Алайда ел тұрғындарында қызығушылық жоғары. 

«Жетіспеушілік Былтырғы жұмыстың нәтижесін зерттедік. Биылдың өзінде жергілікті атқарушы мекемелерден, яғни әкімдіктерден 86,7 млрд теңге мемлекеттік-шығармашылық, спорттық шеңберде бөлінеді. Қаражатпен 560 мың бала мен жасөспірімді қамтамасыз етеміз. Қаражат былтырдн қарағанда екі есе ұлғайды деп айтуға болады», - дейді Оралов.

Серіктес жаңалықтары