×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Отписка» жасауды қашан қоясыздар: депутаттар министрлерге ренжулі

07.06.2023, 11:13
фото: ашық дереккөзден

Мәжілісмен Аманжол Әлтаевтың айтуынша, халықтың ішінде «депутат айта береді, үкімет өз білгенін істейді» деген сөз барын айтады. Депутаттың сөзінше, мемлекет басшысының халық үнін еститін мемлекет тұжырымдамасы орындалмай отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Депутаттық сауалдың астында халықтың талап тілегі жатыр. «Отписка» жасауды қашан тоқтатасыздар?» - деді Аманжол Әлтаев.

Бұл сұраққа жауап берген Роман Скляр әр депуатттық сауал жіті қаралатынын айтады

«Біз әрбірін жіті қараймыз. Вице-премьер, премьер-министр деңгейінде. Егер қандай да бір сұрақ болса, премьер-министрден бастап бәрі ашық», - дейді Скляр.

Мәселенің барын мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та білетін секілді. Ол депутаттық сауалдарға берілген жауаптар зерттелетінін, керек болса күзде бұл мәселе арнайы қаралатынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары