×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Экология министрлігі Қашағандағы оператормен не үшін соттасып жатыр

08.06.2023, 10:48
фото: ашық дереккөзден

Зульфия Сүлейменова Экология министрлігінің Қашаған кен орнындағы оператормен соттасуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айта кетейік, оператор экология министрлігі жазып берілген айыппұлмен келіспей, сотқа шағым түсірген.

"Олар жоғары тұрған органға шағымданды. Біздің ойымызша, заңнама бұзылды. Компания үшін келесі қадам – уәкілетті органның шешіміне шағымдану. Қазір тыңдаулар өтіп жатыр. Біздің бір ғана уәжіміз бар – экологиялық заңнаманы бұзылды. Экологтардың кәсіпорындарға қоятын талаптары бар.  Біз кәсіпорындардың сол талаптарды орындайтынын немесе орындамайтынын тексереміз. Кәсіпорын бірнеше талапты орындамаған", - деді министр.

З. Сүлейменова министрлік назарын аударған ең үлкен мәселелердің бірі – күкіртті шамадан тыс шығару екенін атап өтті. Қашаған операторы мұнымен келіспеуде.

«Жалпы, NCOC бойынша қателеспесем, 10 тармақ бойынша теңізде, құрлықта белгілі бір бұзушылықтар бар», - деп толықтырды Экология министрі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Қашаған кен орнын игеру жөніндегі консорциумға – North Caspian Operating Company (NCOC) – қоршаған ортаны қорғауды бұзғаны үшін шамамен 2,3 трлн теңгеге талап арыз берген болатын.

Серіктес жаңалықтары