×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Тоқаев Қазақстанның Украинадаға қатысты ұстанымын тағы да айқындады

20.06.2023, 16:06
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Украинадағы қарулы қақтығысты тоқтатуға өз үлесін қосуға дайын. Бұл туралы Ақордада Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

«Мен бұл күрделі мәселеге қатысты ұстанымымызды айқындадым. Біріншіден, біз БҰҰ Жарғысын қатаң сақтауымыз керек. Әрине, Біріккен Ұлттар Ұйымын әлемде теңдесі жоқ әрі әмбебап ұйым ретінде қолдауға тиіспіз.Екіншіден, біз Қытайдың, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің барлық бейбіт бастамасын қолдауымыз қажет», – деді президент.

Сондай-ақ, Тоқаев еліміздің Ресеймен тығыз байланысты сақтауға ниетті екенін жеткізді.

«Жақын арада Украинадағы қарулы қақтығыс тоқтайды деп үміттенеміз. Содан кейін әлемнің осы бөлігінде берік бейбіт өмір орнайтыны туралы сөз қозғай аламыз.
Қазақстанға келетін болсақ, біз осы мақсатқа қол жеткізуге өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Сонымен қатар біз – Ресеймен стратегиялық серіктеспіз және бірнеше ұйымның мүшесі екенімізді атап өткен жөн. Сондықтан біздің мақсатымыз – екіжақты және халықаралық ұйымдар аясында өзара ынтымақтастығымызды нығайту үшін Ресеймен тығыз байланысты сақтау», – деді мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 17 маусымда Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында (ПМЭФ) президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан "Донецк Халық Республикасы" және "Луганск Халық Республикасының" (Украинадан тәуелсіздігін мойындамайтынын мәлімдеді. Сонымен бірге ол Ресей депутаттары мен жекелеген медиа тұлғалардың Қазақстанға қарсы орынсыз шабуылдарына наразылық білдірді.

Серіктес жаңалықтары