×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Жетімдер мен мүгедектер баспанасыз жүр: Тоқаев Шарлапаевқа тапсырма берді

31.07.2023, 12:21
фото: ашық дереккөзден

Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевты қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Холдинг мәліметінше:

  • ірі бизнесті қаржыландыру көлемі 114,4 млрд теңгені құраған;
  • «Даму» қоры 15 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсеткен;
  • жыл басынан бері «Отбасы Банкі» 29 мың отбасының баспаналы болуына көмектескен;
  • бірінші жартыжылдықта баспананы жалға беруді субсидиялау бағдарламасы бойынша 9 мыңнан астам өтінімді мақұлдап, І және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларды, жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз мемлекеттік қолдау көрсеткен;
  • «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жыл басынан бері 271 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 9 мыңға жуық фермерге қолдау көрсетілді. Биыл 3,5 млн гектар жерге егін егілген. Бұл – еліміздегі барлық егіс алқабының 15 пайызы;

Сондай-ақ, Қанат Шарлапаев азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және импортқа тәуелділікті төмендету үшін ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды несиелендіруге 131 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгенін мәлім етті. 

“Президент бизнестің ахуалын жақсартуға және әлеуметтік тұрғын үй саясатын жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берді”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде 63 мың жетім бала тұрғын үй алу кезегінде тұрғанын жазғанбыз.

Мәселен, жуырда БАҚ Петропавлда тұрғын үй алуға кезекте "жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар"санатынан барлығы 1 774 адам тұрғанын хабарлаған болатын. Олардың барлығы 10 жылдан астам уақыт бойы пәтер кілтін күткендер. 2022 жылы билік Петропавлда олар үшін 120 пәтер бөлуге уәде берді, алайда уәде орындалмады. Жуырда тілшілер мұның себебін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаровтан сұраған еді.

Ал Талдықорғанда шенеуніктер мұқтаж отбасыларға арналған пәтерлерді бөліске салғаны хабарланған.

 

 

Серіктес жаңалықтары