×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Шүменовтің ісі: қылмыс тараптар «татуласа алатын» баппен қозғалған

08.08.2023, 11:28
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов халықаралық іздеу жарияланған адамдарды іздеуге қанша қаража кететіні жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ел бюджетіне ешқандай шығын келмейді. Себебі халықаралық келісімдер бар. Біз Интерпол мүшесіміз. Яғни халықаралық мекемелердің бәріне тиісті хабарлама жолданады. Бізде де солай. Бізге де басқа елдің азаматы қашып жүргені жөнінде ақпарат түссе... Осылайша, бюджеттен бұл бағытта арнайы қаражат бөлінбейді», - дейді Ахметжанов.

Министрдің айтуынша, Қазақстан мен АҚШ арасында өзара құқықтық көмек беру жөнінде келісім бар.

«Бізге Германиядан, басқа мемлекеттерден іздеу салған азаматтарды беріп жатады», - дейді ол.

Марат Ахметжановтың сөзінше, Бейбіт Шүменовтың ісі жөнінде қандай да бір болжам айтуға асықпады. Боксшының қылмысын ауырлығы орташа санаттағы қылмыс екенін айта келе мұндай істерде тараптар татуласа да алатынын еске салды.

«Меніңше, қазір барлық бағытта қайтару жұмысы толыққанды жүргізіледі де тиісті заңнамалық процессуалдық шешім қабылданады», - дейді ол.

Еске салайық, 11 шілдеде әлемнің экс-чемпионы Бейбіт Шүменовтің сауда орталығында балалы ер адамды соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. 12 шілдеде ақпарат ресми түрде расталды

"Иә, растаймыз, тергеу басталды. Іс "Бұзақылық” бабы бойынша қозғалды. Қылмыстың ауырлық деңгейін сараптама көрсетеді", - деп жауап берді ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев.

Басы дауға қалған боксшы бұдан бұрын төбелеске қатысты өз нұсқасын айтқан болатын. Оның айтуынша, ол баласын қорғау мақсатында жәбірленушіге жұдырық сілтеген.

Бұдан бұрын соққыға жығылған ер адамның Қырғызстан азаматы екені белгілі болды.

Көп ұзамай Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Астанада соққыға жығылған қырғызстандыққа қатысты істі бақылауға алғандарын мәлімдеді. Қазір боксшы іздеуде жүр.

Серіктес жаңалықтары