×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Мемлекеттік туды балкондарға ілуге рұқсат берілетін болды

13.09.2023, 18:01
ukraina.ru

Туризм және спорт министрлігі мемлекеттік туды пайдалану ережелеріне өзгеріс енгізбек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жеке тұлғаларға тиесілі ғимараттарда, үй-жайларда (үй-жайлардың бөлігінде, балкондарда) Мемлекеттік Ту көлбеу түрде (45 градустан аспайтын болуы тиіс), 3 метрден төмен емес биіктікте орналастыруға рұқсат етіледі. Мемлекеттік Ту 1х2 метр өлшемде болуы тиіс», - делінген қаулы жобасында.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнама талабында мұндай норма жоқ. Сонымен қатар қаулыға тағы бірнеше өзгеріс енгізілмек. Атап айтқанда, енді Мемлекеттік Тудың бейнесі әскери немесе өзге де мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар үшін белгіленген айырым белгілері мен нысанды киім үлгілерінде, мемлекеттік наградалардың элементі, геральдикалық негізі ретінде, сондай-ақ спортшылардың спорттық костюмдері мен басқа да спорттық керек-жарақтарына пайдалануы мүмкін. Дегенмен бұл ретте мынаған тыйым салынады:

- ҚР Мемлекеттік Туын қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдар жалаулары, мөрлері және таңбаларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды.

Бұған қоса қаулының жаңа тармағына сәйкес, мына әрекеттер Туды қорлау болып саналады:

- жырту, жағу, өртеу, қасақана жерге тастау, таптау, қоқысқа лақтыру;

- коллаж жасау арқылы мемлекеттік туды қорлау, тыйым салынған және мақсатқа сай емес жерлерде пайдалану, әлеуметтік желілерді қоса алғанда Мемлекеттік Туды көпшілік алдында мазақ ету, балағаттау.

Айта кетейік, жыл басында Қазақстанда туды қорлағандарға салынатын айыппұл көлемі ұлғайды.

Серіктес жаңалықтары