×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда әскерге бармаған жастарға «ақ билет» берілмейтін болды

26.12.2023, 14:48
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстан Қарулы күштерінің бас штабы бастығының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Руслан Омаровтың айтуынша, әр азамат өзі жайлы ақпаратты еговтан ала алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

– Мемлекетіміздің қарулы күштерінде жүргізіліп жатқан цифрлық трансформация іс-шараларының нәтижесінде біз бұрын да болған әскери есеп жүйесінен бас тартып, жаңа цифрлық әскери жүйеге жол беріп отырмыз. 27 жасқа толған азаматтарға әскери қызметін өткермеген кезде де әскери билет ие болушы еді. Қазіргі таңда цифрлық трансформация нәтижесінде бүкіл әскери қызметке байланысты мәліметтер еговтағы азаматтарымыздың жеке кабинетінің әскери қызметке байланысты бөлімінде көрсетіледі. Сондықтан, біз әскери билетті бермеу шешіміне келдік, – деді Руслан Омаров.

Еске сала кетейік, бұған дейін әскерге барғандардың несиесі кейінге шегерілетіні хабарланған болатын. Қазіргі уақытта 5 мыңнан астам сарбаздың 1 млрд 875 млн теңге несиесі кейінге қалдырылған.

Серіктес жаңалықтары