×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Астанада ЖЭС-3 құрылысы басталғанда туған бала мүшел жасқа толды

05.06.2024, 11:30
Фото: Ашық дереккөзден

Депутат Еділ Жаңбыршин энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен Астанада салынып жатқан үшінші жылу электр орталығы қашан салынып бітетінін сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутаттың сұрағы

– Үшінші жылу-электр орталығы жобасына бірнеше рет өзгеріс енгізілді. Ол бірнеше рет қымбаттады. Бұрынғы палата басшысы Годунова құжаттың 40 пайызға қымбаттағанын айтқан болатын. Бұл құрылыс 2010 жылдан бері салынып жатыр. Ол жылы туған бала мүшел жасқа толды. Ал біз әлі күнге дейін маңызды әлеуметтік нысанды салаалмай келе жатырмыз, – деді Жаңбыршин.

Депутаттың мәліметі бойынша, мұның құрылысына 116 млрд теңге бөлінген. 

Министрдің жауабы 

Алмасадам Сәтқалиев жобалық құжаттамаға сәйкес, станция құрылысының жалпы құны 146 млрд теңге екенін айтады. Оның 141 млрд теңгесі республикалық бюджеттен бөлінеді.

– Бүгінгі таңда 116 млрд теңге игерілді. Бұл ақшаға 4 қазандық пен бір трубина құрылысы аяқталды. Биылғы жылыту маусымына станция толық қуатында жұмыс істейді, – деді ол.

Министр құрылысты толық аяқтау 2026 жылға жоспарланып отырғанын айтады.

Серіктес жаңалықтары