×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Әйгілі "Алтын үшбұрышта" құлдықта болған екі қазақстандық қашып шықты

23.01.2023, 11:42
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстан азаматтарын еліміздің консулы Бангкокқа жеткізген. Артынша олар Алматыға ұшып келіпті.

Алайда, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі құлдықта болған жас жігіттер өздері жайлы ақпарат таратпауды өтінгенін жеткізді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Айбек Смадияров 2022 жылғы маусымның соңынан бері «Алтын үшбұрыш» деп аталатын Оңтүстік-шығыс Азия аумағында (Мьянма, Лаос және Таиланд) қазақстандықтардың еңбек құлдығында болу дерегі жиілегенін айтқан. Алдын ала сөз байласқан халықаралық қылмыстық топтар көбінесе үшінші тарап және әлеуметтік желілер, мессенджерлер (Telegram, Facebook, Instagram) арқылы Қазақстан азаматтарын Таиландтағы компанияларға жұмысқа шақырады. Олар Таиландқа келгеннен соң түрлі сылтаумен Мьянмаға жеткізіледі.


 

Серіктес жаңалықтары