×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Ол жағдайды өзгертуі керек еді»: Депутат Базарбек Смайыловтың үкіметте қалуына қарсы шықты

30.03.2023, 11:46
«Ол жағдайды өзгертуі керек еді»: Депутат Базарбек Смайыловтың үкіметте қалуына қарсы шықты
Коллаж: ulysmedia.kz.

Депутат Бақытжан Базарбек Әлихан Смайыловтың премьер-министр болып қалуына қарсы шықты. Ол журналистердің сұрағына берген жауабында Смайыловтың кабминін қатаң сынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мен премьер-министр Әлихан Смайыловтың кандидатурасына қарсы болдым! Оралдағы Кублей зауыты қазір жабылу алдында тұр. Себебі сот шешімі бойынша бүкіл соттар әкімдіктің заңсыз қаулысын бұзудан бас тартты. Ал Орал қаласының заңсыз қаулысының салдарынан құрылыс компаниясы үйді соғып тастаған. Соның артынша 600 адам жұмыс істейтін, 3,5 мың шаруашылыққа қызмет етіп отырған үлкен шаруашылық қазір жабылу алдында тұр», - деді Бақытжан Базарбек үкімет кулуарында.

Оның айтуынша, бұл іске үкімет араласуы керек болған. Алайда араласпаған.

«Одан бөлек Алматы қаласының таулы бөктерінде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар заңсыз шығарылып жатыр. Тексеріс ашсақ, қайтадан заңсыз шығарылып, соның салдарынан тау-бөктеріндегі үйлер көбейіп жатыр. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар азайып барады. Табиғи қорықтардың аясы тар болып барады. Әкімдер заңсыз тірлікке белшесінен батуда. Шымкентте, Алматыда, Атырауда», - дейді ол.

Депутат өз позициясын белгілегенін мәлім етті.

«Бір ғана мысал 10 сотық жерге 3,2 млн адам кезекте тұр. Тізім жылжымайды. Үкімет мұны негізгі мәселе ретінде көруі тиіс еді», - дейді ол.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың басынан бері Қазақстанның премьер-министрі қызметін атқарып келе жатқан Әлихан Смайыловтың қызметін жалғастыратыны бүгін белгілі болды.

Мәжілісте Үкімет басшысының кандидатурасына дауыс беру кезінде Смайыловтың премьер болуын депутаттардың барлығы дерлік қолдай қойған жоқ.