×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

"ӨКМ Операторы" директоры суицид жасаған жоқ, кісі қолынан өлді – сарапшылар

10.04.2023, 13:46
Коллаж Ulysmedia

Қоғам қайраткері және кәсіпкер Санжар Боқаев Ulysmedia.kz тілшісіне "ӨКМ Операторы" ЖШС директоры Руслан Шамшиевтің өлтірілгені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Боқаев өз-өзіне қол жұмсау нұсқасын жоққа шығарған тәуелсіз Мәскеу сараптамасының нәтижелерін алға тартты. Сараптама бастың артқы жағында доғал затпен ұрудың әсерінен гемотома болуын, есінен тану ықтималдығын, сондай-ақ мойында бөгде адамның тұншықтырғанын айғақтайтын іздердің барын көрсеткен.

"Тергеу бізді сендіруге тырысқандай, ол өзін-өзі өлтірген жоқ, кісі қолынан қаза тапты. Трасология іздің көлденең орналасуын көрсетті, асылу кезінде олай болуы мүмкін емес, сонымен қатар серпіліс іздері бар. Мәскеулік сарапшылар қазақстандық сараптаманың объективтілігіне күмән келтіріп, істе көрсетілген барлық жағдайларда адам өз-өзіне қол жұмсай алмайтынын дәлелдеді",  – деді Боқаев.

Осыған байланысты ол прокуратура мен ІІМ-нен жаңа сараптаманы іс материалдарына қосуды және тергеуді "кісі өлтіру" бабына ауыстыруды сұрайды. Сондай-ақ, ол қылмыстың орындаушысы мен тапсырыс берушісін анықтауды талап етті.

"Біз тергеу органдары сараптама материалдарын зерделеп, істі қайта даярлайды деп күткен едік. Алайда олай болған жоқ. Жоғары лауазымды шенеуніктердің бірі бұл істі объективті тергеуге мүдделі емес", - деді қоғам қайраткері.

Айта кетейік, 2022 жылдың 26 қаңтарында "ӨКМ Операторы" ЖШС Басқарушы директоры Руслан Шамшиев өз-өзіне қол салғаны хабарланды. Ол бұл қызметті 2021 жылы атқарды. Оған дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында жұмыс істеген.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «ӨКМ Операторынан» 13 млрд теңгенің ұрлануына қатысты іс бойынша экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаевадан жауап алынуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары