×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алматыда сайлауға қарсы митингке қатысқан тағы екі белсенді жазаланды

19.04.2023, 12:55

Алматыда 9 сәуірде өткен сайлауға қарсы митингке қатысқаны үшін тағы 2 белсендіге айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Азаттықтың” жазуынша, белсенділер Бауыржан Атинбаев пен Құдайшүкір Абдуллаев алаңда өлең оқып, пікірлерін айтқан. Сот оларға айыппұл салды. Атап айтқанда, Атинбаев – 172 500 теңге (50 АЕК), Абдуллаев – 72 450 теңге (30 АЕК) төлеуге міндеттелді.

Белсенділер сот шешімімен келіспейтіндерін, апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты.

“Сот онлайн өтті. Менің адвокаттарымды шақыру және сотты офлайн өткізу туралы талаптарыма пысқырған да жоқ. Менің айыппұл төлейтін ақшам да жоқ”, - дейді Абдуллаев.

Еске салайық, елімізде мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 19 наурызда өтті. Биылғы сайлауда ел тұрғындарының белсенділігі тарихтағы ең төмен көрсеткіштердің бірі болды.

Сайлау қорытындысын мына сілтеме бойынша оқуға болады.

Бұдан бұрын сайлаудың ресми нәтижесімен келіспеген "Халық парламенті" өкілдері Алматыда алаңға жиналып, митинг өткізген.

Көп ұзамай полиция митингке қатысқандарды ұстай бастады. 13 сәуірде  Алматыда сайлау қорытындысына қарсы митингке қатысқаны үшін белсенді Асылбек Қараев 15 тәулікке қамауға алынды.

Одан бұрын Алматыда тағы бір белсенді Әлнұр Ильяшев ұсталған болатын. 

Сондай-ақ, Мұхтар Тайжанның 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.

Ал Рысбек Сәрсенбайұлына митингке қатысқаны үшін 172 000 теңге айыппұл салынғаны хабарланды.

Бірақ экс-кандидаттар мен белсенділер берілер емес. Кеше адвокат Мұрат Адам мен кәсіпкер Санжар Боқаев Алматының әкімшілік сотына талап арыз беріп, 19 наурызда өткен Мәжіліс сайлауының заңсыздығы туралы мәлімдеді. Олар хаттамалардың көшірмесін беруді талап етті.

 

Серіктес жаңалықтары