×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қаңтар оқиғасы: полицейлер тәртіпсіздікке қатысқандарды Күдебаевтың көзінше азаптаған

28.04.2023, 17:54
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бұл туралы Жетісу облысы прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары Саян Дүйсебаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол Серік Күдебаевтың өкілеттігін асыра пайдаланғаны және адам азаптағаны үшін айыпталғанын еске салды.

"Тәртіпсіздіктер кезінде ол ПД ғимаратынан кетуге заңсыз бұйрық берді, өзі де қаладан кетті. Қоғамдық тәртіп бұзылып, әкімшілік ғимараттар бүлінген. Жалпы шығын шамамен 5 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар, тәртіпсіздіктерге қатысушылар 300 бірлік әлі табылмаған жауынгерлік қаруды ұрлап кетті. Күдебаевтың қатысуымен оның қарамағындағы қызметкерлері тәртіпсіздікке қатысушыларды азаптады", - деді Дүйсебаев.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, сот шешімі бойынша Алматы облысы ПД экс-басшысы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұдан бұрын Бас прокуратура Серік Күдебаевтың Түркияда ұсталғанын мәлім еткен.

Сәуірдің басында генералдың сот үкімі шықпай тұрып Қазақстаннан қашып кеткенін хабарланған болатын. Тілшілеріміз экс-шенеуніктің 23-24 наурыз күндері Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке арқылы Түркияға жол тартқанын анықтады. Оған халықаралық іздеу жарияланды.

Жуырда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Күдебаевтың нақты қай жерден заңсыз өткенін анықтау үшін Шекара қызметінде қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеген. Сондай-ақ, ол Күдебаевтың елден қашуына байланысты Қырғызстанда да қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Күдебаев «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» үшін айыпталған. Тергеушілердің мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде Күдебаев Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаменті ғимаратынан шығып кеткен. 

Күдебаевтың соты биылғы жылдың қаңтарында басталды.

28 ақпандағы сот отырысында мемлекеттік айыптаушы судьядан күдікті Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айыпталушының ауруханаға түсіп қалуына байланысты сот отырысы алғаш рет 10 наурызда кейінге шегерілген болатын.

Үкім шығарылады деп жоспарланған 16 наурыздағы сот отырысы да өтпей қалды.  Жетісу облыстық сотының ресми өкілі 27 наурыздағы отырыс та кейінге шегерілгенін мәлімдеген.

Күдебаев 30 наурызға жоспарланған отырысқа де қатыспағандықтан, оны сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу туралы шешім қабылданған болатын.

 

Серіктес жаңалықтары