×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мәсімов ісінің шындығы неге ашылмады

15.05.2023, 13:11
Мәсімов ісінің шындығы неге ашылмады
Коллаж: Ulysmedia.kz

Кәрім Мәсімов ісіне қатысты деректер жарияланбайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Іс деректері өте құпия. Ол бойынша толық ақпарат берілмейді. Мемлекеттік құпияны жария етпеу туралы заң бар. Қылмыстық іс «өте құпия» санатына жатқызылған», - деді М.Қалқабаев.

Спикер “Кәрім Мәсімовке шығарылған үкімнің күшіне енді ме?” деген сауалға да жауап беруден бас тартты.

"Мен түсініктеме бере алмаймын, сотқа жүгініңіз. Біз сотқа дейінгі алдын ала тергеумен айналыстық. Шешімді сот қабылдайды", - деді ҰҚК өкілі.

Еске салайық, 2023 жылдың 24 сәуірінде сот Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, билікті басып алуды насихаттағаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленді және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.