×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Алматы әуежайын басып алу ісі: айыпталушылар 5-тен 11 жылға дейін сотталуы мүмкін

04.07.2023, 11:02
Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматыда 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы халықаралық әуежайын басып алу ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін судья талқылаудың аяқталғанын жариялады, жарыссөз кезінде прокурор сөз сөйледі.

"Тергеу басталғаннан бері процеске қатысушылар үшін істі объективті қарау үшін барлық жағдайлар жасалғанын атап өткен жөн. Үш айдан астам уақыт бойы іс жүргізу барысы бүкіл елдегі БАҚ-та жарияланды. Сондай-ақ, отырысқа айыпталушылардың серіктестері, қоғамдық бақылаушылар жіберілді. Әділдік – айыпталушылар жазалануы. Сотталушылардың айғақтары қылмыстық іс материалдарымен сәйкеспейді. Айыпталушылардың кінәсі  толық дәлелденді деп санаймын. Қылмыстық істің ауырлығын ескеруіңізді сұраймын", - деді прокурор.

Оның айтуынша, үш сотталушыда жас балалардың болуын жазаны жеңілдететін жағдай деп санауға болады.

Ауырлататын жағдай – қылмыстың төтенше жағдай кезінде жасалуы.

"Тілеужанды кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Сот залында қамауға алынсын. Нұрпейісовты кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Ділібаевты кінәлі деп танып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын.Шілібаевты да кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Кәрменовты кінәлі деп танып, 11 жылға соттауды сұраймын", - деді прокурор.

Естеріңізге сала кетейік, белсенділер Әйгерім Тілеужан мен Қалас Нұрпейісов, сондай-ақ Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шілібаев және Жанайдар Кәрменов әуежайды басып алды деген айып тағылған.

Белсенділер Тілеужан мен Нұрпейісов жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды (ҚР ҚК 272 - бабының 1-бөлігі) деп айыпталса, Дәлібаев, Шілібаев және Кәрменов әуежайдың стратегиялық объектілері мен "КазАэроНавигация" РМК шабуыл жасау және басып алу кезінде зорлық-зомбылықпен, өртеумен, мүлікті қиратумен және жоюмен қатар жүрген жаппай тәртіпсіздіктерге (ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі) қатысты деген күдікке ілінді.

Жарыссөз жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары