×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бапи уланды. Діни реформа қажет пе? 90 млн теңге бонус көп пе? Әйелін қуған Әйтенов жазасыз қалуы мүмкін

14.07.2024, 17:53

Өткен аптада болған ең маңызды оқиғаларға "Ұлыс апта" шолу ұсынады.

Апта басында 33 долларға дейін дейін қымбаттаған доллар, соңына қарай саябырсыды. Сарапшылар бұл туралы не дейді. Доллар 500 теңгеге дейін жете ме деген қауіп туғаны рас. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жағдайды түсіндіруге тырысқандай болды.

Өткен жылы өрт шығып, адам өліміне әкелген Семей орманында жағдай әлі тұрақтамай тұр. «Семей орманы» филиалының басшысы 20 сыбайласымен бірге ұсталды. Олар өртенген орман ағаштарын ұрлап сатқан.

Парламент депутаты Ермұрат Бапидің өміріне қастандық жасалғанын мәлімдеді. Мәжілісмен бес айдан бері белгісіз дертке шалдыққан. Диагнозын қоя алмаған дәрігерлер “уланған болуыңыз мүмкін” деп отыр.  

Киевтегі балалар ауруханасына жасалған шабуылдан соң Украина аза тұтып жатыр. БҰҰ арнайы қарар қабылдады.  

4 млн-нан 90 миллион теңгеге дейін жылдық сыйақы алған ұлттық компания басшылары туралы “Ұлысмедианың” материалы оқырман тарапынан қызу талқыланды. Топ-менеджерлердің миллиондаған сыйақысы әділ ме? Бонусты алған басшылық құрам өкілдері пікір білдірді.

Апта соңында Марат Әйтенов пен бұрынғы әйелі Дана Әтешованың арасындағы жанжал, тағы да отбасындағы зорлық-зомблық, бала құқығы, ерлердің жауапкершілігі секілді мәселелерге назар аудартты. Әйтеновті екінші Бишімбаевқа теңеп жатыр. Айта өтейік, бүгін, ертең ulysmedia.kz-те  Дана Әтешовның көлемді сұхбаты жарияланады.