×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Армиядағы бассыздықтар, Лукашенконың мәлімдемесі мен тағы да АЭС жайлы — Ұлыс апта

25.08.2024, 20:24

Ulysmedia оқырман мен көрермен назарына аптаның ең айшықты деген оқиғаларынан жаңалықтар легін ұсынады.

Аңдатпа:

Қазақстанда соңғы үш жылда 270 әскери қызметкер көз жұмған, оның 90-ға жуығы суицидке барған. Бірақ мұндай сұмдық үшін бір де бір генерал жазаланбаған. 

АЭС-ке қатысты жария талқы тағы да қып-қызыл шумен аяқталды. Мына  түрімізбен референдумды қалай өткіземіз?

Путин айтқызып отыр ма? Лукашенко “Қазақстан Путинге көмектесуге ниетті емес” деп мәлімдеді. Артынша Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Беларусь елшісін шақырып алып, ескерту жасады.  

Ал Украина «Курск облысына шабуыл — Ресей жерін оккупациялау емес, буфер аймағын құру» дейді. Бұл Путин мен Зеленскийді келісімге әкеле ме?

АҚШ-тан Қазақстанға келген ФБР-дың бұрынғы басшысы мәлімдеме жасады. Әблязовтың тапсырмасымен адам атқан Мұратхан Тоқмади қандай заңға сүйеніп мерзімінен бұрын бостандыққа шықпақ? 

Грантқа түспей қалған түлектер Ғылым министрлігін сотқа берді. Қосымша бөлінген 10 мың грант енді кімге бұйырады? 

Ардақты ағайын, назар сізден, талдау бізден болсын! «Ұлыс медиа» қатарына қосылып, лайк басып, пікір қалдыруды да ұмытпаңыз.