×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Шольцтың сапары, кадрлық ауыс-түйіс, әскердегі өлім мен суицидке барған оқушылар – Ұлыс апта

21.09.2024, 22:44

Ulysmedia.kz порталы аптаның айшықты оқиғаларына шолу жасап, оқырман назарына өткен жеті күннің басты жаңалықтарын ұсынады.

Күштік құрылымында күтпеген ауыс-түйіс. Бұған не себеп? Тоқаевқа жақпай қалды ма, әлде іштей шыққан жік осыған әкелді ме? Енді Ұлттық қауіпсіздік нығайып, қаржылық бақылау күшейтіліп, Ұлттық гвардияда тәртіп орнай ма?

Әскердегі өлім тоқтар емес. Тағы бір офицер асылып қалды. Бұл өлімдер үшін бір де бір генерал жауапкершілік алмады. Ал елді мысқылдап, аузына келгенін айтып, жұртты таңдандырған қорғаныс министрі орнында нық отыр. 

Суицид, буллинг, бірін-бірі өлтіру, қазақстандық оқушыларының арасында құдды бір «жаман» эпидемия басталып кеткендей. Құзырлы органдар не жасырып отыр?

Германия Ресейді Қазақстанмен алмастырғысы келе ме? Енді Еуропаға газ бен мұнайдың басты сатушысы Қазақстан болуы мүмкін. Әйтпесе. билікке келгеніне 2 жыл болса да Орта Азияға сапарламаған неміс канцлерінің  бұл саяси турнесі аймаққа жай ғана «амандасып» келіп-кетуі емес. 

Ал атом электр реакторы алдағы 100 жылға жарықпен қамтыламыз дейді сарапшылар. АЭС-ке қатысты ақпараттық науқан қалай өтіп жатыр?

Қазақстан Украина-Ресей соғысын тоқтату үшін келіссөз алаңын ұсынуға әлі де дайын. Мұны Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді. Ал Путин болса, орыс әскерін тағы 2,5 млн адамға ұлғайтуға жарлық шығарды. Зенеленский Вашингтонға «Жеңіс жоспарын» таныстыруға барады. 

Бәрін тарқатып айтып береміз. Ұлысқа жазылып бізбен бірге болыңыздар.