×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Екібастұздағы жылу: Желілердің тозу деңгейді 91% құрап отыр

27.11.2023, 12:08
Фото: Ашық дереккөзден

Павлодар облысының энергетикалық нысандарының желілерінің басым бөлігі әлі де тозған күйде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Павлодар облысының әкімі Асаин Байхановтан Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында жабдықтың тозуы туралы түсініктеме сұрады.

– Жалпы энергетикалық нысандардағы жабдықтардың бәрі тозып тұр. Дұрыс айтасыз, ол мәселемен айналысу керек. Бірақ, өкінішке қарай, кейінгі бірнеше жылда инвестиция жеткіліксіз болды. Сондықтан алдыңғы кезеңдерге жауап бере алмаймын, өзімнің жұмыс істегеніме бір жылдан енді асты. Павлодар мен Ақсу қалаларында да тозу деңгейі жоғары. Павлодарда шамамен 86%, Екібастұзда шамамен 91%. Бұл желілердің тозу деңгейі. Желілердің басым бөлігі тозған күйде, – деді әкім.

Еске сала кетейік, Екібастұзда 2022 жылғы 26-27 қарашаға қараған түні жылу электр орталығында апат болып, 30 градус аязда 149 көпқабатты үй, 114 жеке үй, сондай-ақ 15 әлеуметтік нысан жылу мен ыстық сусыз қалған болатын. Қалада ТЖ режимі енгізілді. Бұл апаттың салдарын жою жұмыстары кейін бірнеше айға созылды.

Серіктес жаңалықтары