×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қостанайда 40-қа жуық үй екі күн бойы газсыз отыр

06.02.2024, 16:52
Ашық дереккөзден

Қостанайда Қонай тұрғын үй алабының тұрғындары газсыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жылымыққа байланысты Қонай тұрғын алабындағы орта қысымдағы газ құбырларынан конденсат аға бастады. Нәтижесінде газ басқару нүктелерінде ақау пайда болды. Газ беру уақытша тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады әкімдік.

Сондай-ақ департамент төтенше жағдайдың жоқтығын түсіндірді. Жұмыс жоспарға сай жүргізілуде.

Естеріңізге салсақ, осыдан екі бұрын Шымкентте газ құбырынан шыққан ақаудан 1500 жуық жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылған болатын.

Серіктес жаңалықтары