×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Атырау облыстық Спорт басқармасының басшысы 1,2 млн теңге парамен ұсталды

06.03.2024, 13:27
Фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дастанбек Қоспановқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы журналистермен брифинг өткізген Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Дастанбек Қоспановтың пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпаратты растады.

Шенеунік спортшылардың оқу-жаттығу жиындары өтуі үшін бөлінген қаражатқа ведомстволық бағыныстағы ұйымнан 1,2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, - деді Антикор өкілі.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Серіктес жаңалықтары