×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Сарыағаштықтар арықтың суын ішіп отыр

15.09.2021, 10:42
фото: otyrar.kz

Сарыағаш ауданындағы бірқатар аймақ тұрғындары ауыз судан мақрұм болып отыр. Қараша халық ес білгелі арықтың суын ішеді екен, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Otyrar.kz мәліметінше, үйдегі егін алқабын арықтан насос арқылы суаратын олар, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне сол суды пайдаланатын көрінеді. «Осы жерден өзіміз де, төрт түлік малымыз да шөлін қандырады» деген тұрғындар «амалдың жоқтығынан күнелтіп отырмыз» дейді.

«Туғаннан бері, 1957 жылы туғам, содан бері бүкіл ауыл осы арықтан су ішеді. Оны баяғыдан бері айтып жатырмыз, жазып жатырмыз. «Ойбай болады» деп биыл су құбырын жүргізді. Бұл енді су қай уақытта келеді беймәлім», - дейді тұрғын Нұриддин Жиенқожаев.

Аудан әкімдегілер тұрғындарды арықтан су ішеді деген пікірді жоққа шығарды. Сөздерінше, әрбір үйде құдық суы бар. Олар таза ауыз суына мұқтаж болып отырған жоқ деп сендірді.

«Құдықтан су алып ішеді, олар каналдың суын ішпейді. Енді сіздерге не ақпар бергенін білмеймін. Мен соның алдында, 3 км жанындағы көрші ауылда тұрамын. Бірақ қосымша ретінде әр үйде құдық суы бар», - дейді әкімдіктегілер.

Серіктес жаңалықтары