×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Ақтөбе облысының тағы бір ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды

08.04.2024, 14:54
Ақтөбе облысы әкімдігінің шартты суреті

Ақтөбе облыс Ырғыз ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы апталарда Қазақстан қатты су тасқынына ұшырады. Қазақстанның он облысында жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланды (Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары).

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызып отыр.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма беріп отыр.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары