×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сарыағаштағы оқушы өзін 17 адамның қалай қорлағанын айтты

01.11.2021, 23:07
Сарыағаштағы оқушы өзін 17 адамның қалай қорлағанын айтты
Фото: ашық дереккөз

17 жастағы қызды 17 адам жабылып зорлаған. Әлеуметтік желіде резонанс туғызған бұл істі  Түркістан облысының бас полицейі өз бақылауына алды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Зәбір көрген жасөспірім ASTANATV арнасына сұқбат берді. 

Жәбірленуші Дильноздың айтуынша, сол күні сыныптас қыздарымен базарға киім көруге шығыпты. Қайтар жолда танысы үйіне жеткізіп салатынын айтып, көлігіне мінгізіп алған. Айтуынша, танысы оған жолда  ішуге су ұсынған.  Әрі қарай ештеңе білмейді. Тек есін жиғанда   өзен жағасында тыр жалаңаш жатқанын көреді.   

«Бірінші судың алдында зорлады. Кейін бір үйге апарып, үйде зорлады. Балаларды шақырды сол жақта да. Кейін «огородқа» апарды.  Сол жақтан кейін тағы бір үйге келдік. Звондап шақырып, беріп жібереді. Звондайды да шақырады. Береді. Кетеді ол. Келеді олар. Көреді. Жұмысын бітіреді. Кетеді. Тағын сөйтіп шақыра берді балаларды», - дейді Дильноз.  

Ол 4 күннің ішінде кемі 17 еркек келгенін айтты. Бәрінінің түрін танып, атын жаттап үлгеріпті. Жас қызды қорлағандар қарсылық танытқанына қарамаған.

«Кетсем – өлтіріп суға тастап кететіндерін айтты. Ешкім мені таба алмайтынын айтты. Қорықтым», - дейді ол.

4 күн жоғалып, үйіне келген қызының түрін анасы Санавар ешқашан ұмытпайтынын айтады. Матап байлағаннан білегі көгеріп, көйлегінің дал-дұлы шыққан көрінеді.  Қыздың анасы бұл сұмдық мамыр айында болғанмен, күдіктілер бостандықта генін айтып ашынады. Ол істің мұнша созылуына полиция өкілдерінің бірінің қатысы бар ма деп те қауіптенетінің айтты.

Санавардың айтуынша, әу баста кешірім сұрап қайта-қайта келгендер   моральдық шығын ретінде 8 млн теңге ұсынған. «Қызыңның болашағын ойла. Оқуға түсіріп, куәлігін алып береміз» дегендер кешірім алғасын уәдеде тұрмағанын айтады. Жәбірленушінің  қорғаушысы істің тым созылып кеткенін, сондай-ақ, сараптама бастапқыда-ақ дұрыс жасалмағанын айтты. 

«Бірінші сараптамамен келіспей, біз қосымша сараптамаға деп арыз жазып қойдық. Келешекте басқа сарапталармен келіспеген жағдайда тағы қосымша сараптама тағайындауға жазатын шығармыз. Біз әлі сараптамалармен толығымен танысқан жоқпыз. Олар әлі сараптама жүргізіп жатыр», - дейді адвокат Асылбек Қабылов.

Полиция алғашқыда бұл істі «адам ұрлау» бабымен тіркегенмен, қазір «зорлау» бабымен қайта тергеп жатыр.

«Түркістан облысы Полиция департаменті тергеу басқармасымен қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірнеше сараптамалар тағайындалған. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады», - дейді Түркістан облыстық департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Жәбірленуші тарап бүгін де полицияның қабылдауында болды. Адвокаттың айтуынша, күдіктілермен  беттескен.  Ал негізгі айғақ – қыздың киімдері қазір жоқ. Оларды анасы өртеп жіберген, себебі қыз өзіне бір емес, алты рет қол салмақшы болған көрінеді.  

Еске сала кетсек, бұған дейін Сарыағаш ауданында анасы қызын 17 адам зорлағаны туралы арыз жазғанын хабарлаған болатынбыз.