×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Су тасқыны: Ақтөбе облысында эвакуация аяқталды

12.04.2024, 11:22
Фото: gov.kz

Ақтөбе облысында құтқарушылар жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Мамыр ауылынан Ырғыз ауданына 80 адамды, оның ішінде 53 баланы эвакуациялады. Тұрғындар Ырғыз ауданындағы орта мектепке жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Торғай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ырғыз ауданының аумағында Мамыр елді мекенін су басу қаупі туған.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары