×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Тәулік бойы жұмыс тоқтамайды: су басқан өңірлер тасқынмен әлі күресіп жатыр

07.05.2024, 11:22
Тәулік бойы жұмыс тоқтамайды: су басқан өңірлер тасқынмен әлі күресіп жатыр
Коллаж: ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы бойынша ақпаратты жаңартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атырау облысының Құлсары қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр.. Өткен тәулікте Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында 704 үй мен 219 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Барлығы 130 227 текше метр су сорылды. Өзендердегі су деңгейіне мониторнинг жүргізілуде.

Алматы қаласы, Абай, Қостанай, Павлодар облыстары ТЖ департаменттерінің күштері мен құралдары су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізу үшін Солтүстік Қазақстан облысына жіберілді.

 Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары, Торғай өзені су деңгейіне сағат сайын мониоринг жүргізілуде. Өткен тәулікте 4 600 қапшық пен 710 тонна инертті материал төселген.

Өткен тәулікте Төтенше жағдайлар министрлігінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында су басқан 97 үйде, Атырау облысының Құлсары қаласы мен Жылыой ауданында екі көпқабатты тұрғын үй мен аумақтарда дезинфекциялау жүргізді. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің күштері Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы маңындағы аумақтарда жалпы ауданы 65,2 гектар су басқан аумақтарда дезинфекциялау жүргізілді.

Республика бойынша 9 660 тұрғын үй мен 3 213 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 16,2 млн еріген қар суы сорлды. 50 467 адам өз үйлеріне оралды. 5 447 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 11 458  адам, 1 289 техника, 329 су сору құралы және 68 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.