Қазақстан Үкіметі Атырау облысының шекарасын өзгертуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қаулы жобасына сәйкес, Атырау облысының аумағына өңірдің шекарасы мен Каспий теңізіндегі Қазақстанның аумақтық суларының сыртқы шегі арасындағы жалпы ауданы 3 954 015,300 га жерді қосу көзделген.
Облыс шекарасын өзгертуге мемлекеттік бюджеттен ақша жұмсалмайды.
Құжат 15 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға қолжетімді болады.