Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматын іздестіруде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Антикордың мәліметіне қарағанда, Бақыт Әділ Есенжолұлы, 25.07.2000 ж.т., Қарағанды облысының тумасы (Сәтбаев қ. ПБ бұрынғы жедел уәкілі).
Бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау».
Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, іздестіру бастамашысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне (мекен – жайы Жезқазған қ., Құрманбаев көшесі 15) мына телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: 8 (7102) 72-12-31 Кезекші бөлім, іздестіру тобы, 8-771-192-44-20, 8-775-912-87-07 ұялы телефоны, (немесе kb.ulytau@antikor.gov.kz электрондық поштасына жазу) – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Антикор іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін, сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік берілетінін ескерті.