×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

«Үйінен тамақ ішпейтін» әкім 2 млн теңгеге жуық жалақы алады

19.11.2021, 14:24
Коллаж: ulysmedia.kz.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айлығы, қызметтік көлігі мен БАҚ-қа бейілділігіне қатысты Ulysmedia.kz порталының сұрақтарына жауап берді.

БАҚ-ҚА СҰХБАТ

Мұнайлы өңірдің басшысы «Qazaqstan» ұлттық арнасының «Арtа» сараптамалық бағдарламасына, Atameken Business channel арнасына, Президенттің телерадиокешеніне сонымен қатар, Үкімет сайтының Youтube каналына арнайы сұхбат бергенін айтады. Сұхбатта Атырау облысының дамуы мен барлық салада атқарылған жұмыстары және қолға алынған іргелі жобалар туралы айтылған. Жыл басында облыстық «Atyrau» телеарнасы мен «Caspian news» арнасы арқылы тікелей эфирде халық алдында есеп берген.

Махамбет Досмұхамбетов республикалық БАҚ өкілдері алдында маусым айында орталық коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өткізген. Әкімнің келесі брифингі бүгінге жоспарланып отыр.

АЙЛЫҒЫ МЕН КӨЛІГІ ЖАЙЛЫ

«Екінші сұрағыңыз бойынша, қызметтік көлігімнің маркасы — Mercedes-Benz S 350 L, 2010 жылғы. Үшінші сұрағыңызға, міндетті салықтар сондай-ақ төлемдерді шегергенде айына 1,9 млн теңгеден астам еңбекақы аламын», - деп жауап берді Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетсек, осы жазда Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Махамбет Досмұхамбетов азық-түлікке қанша ақша жұмсайтыны туралы сұраққа былайша жауап берген еді.

«Мен Атырауда тұрамын. Алайда балаларым өсіп кетті. Олар Нұр-Сұлтанда. Менің әйелім кейде олармен, кейде менімен тұрады. Мен үйден тамақ ішпеймін».

Серіктес жаңалықтары