×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Елімізде «Түркістан сілеусіні» фототұзаққа түсті

17.12.2021, 21:34
Фото: ашық дереккөз

Орталық Азияда ғана кездесетін «Түркістан сілеусіні» Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі қызметкерлері тарапынан қойылған фототұзаққа ілінді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 1904 жылы Ричард Лидеккер анықтап, Lynx lynx wardi деген ғылыми атау берілген. Кәдуәлгі сілеусін тұқымдас «Түркістан сілеусіні» негізінен таулы өлкелер мен орманды жерлерді мекендейді.

Lynx lynx isabellinus деген де атауы бар бұл аң еліміздің «Қызыл кітабына» енген. Тарихқа сүйенсек, сілеусіннің бұл түрін 1976 жылдан бастап аулауға тыйым салынған.

Серіктес жаңалықтары