×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Павлодар облысында жем-шөпті субсидиялауға қанша қаржы бөлінді

28.12.2021, 19:21
Павлодар облысында жем-шөпті субсидиялауға қанша қаржы бөлінді
Фото: ашық дереккөз

Алғаш рет жем-шөпті субсидиялауға облыстық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді. Бұл өңірдегі шағын және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарын қолдауға бағытталған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Pavlodarnews.kz-ның мәліметінше, Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бұрын субсидиялауға облыстың ірі сүт-тауарлы фермалары ғана енгенін айтқан.

«Биылғы 26 қарашадан 20 желтоқсанға дейін субсидиялаудың subsidy.plem.kz ақпараттық жүйесі арқылы жем-шөпке өтінімдер қабылдау жүзеге асырылды. Мал азығын субсидиялау нормативтері ірі қара мал үшін – бір басқа 10 мың теңге, қой үшін – бір басқа 3 мың теңгені құрайды», - делінген баспасөз хабарламасында.⠀

Жалпы жем-шөп шығындарының құнын арзандатуға облыстың 902 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен  1163 өтінім келіп түскен. Оның жалпы сомасы 1,8 млрд теңгені құрайды.

«Оның ішінде ағымдағы жылға қарастырылған бюджет қаражатына сәйкес 586 шаруашылық 1,5 млрд теңгеге субсидияланды. Сонымен қатар, 313 млн теңге сомасына 316 шаруашылық резервте тұр. Бұл  2022 жылдың 1 тоқсанында төленетін болады», - делінген хабарламада.