×
518.34
591.06
6.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.34
591.06
6.27

Көкшетауда қирап жатқан жағалауды жөндеуге бөлінген 170 млн жымқырылған

Көкшетауда қирап жатқан жағалауды жөндеуге бөлінген 170 млн жымқырылған
Видео кадры

Көкшетауда жағалау салуға бөлінген 170 миллион теңгеден аса ақшаны жымқырғандар қамалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ақмола облысының арнайы прокурорларымен 170 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Көкшетау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімінің бұрынғы басшысы, техникалық қадағалау – «М-Строй Проект» ЖШС-і және мердігер компания «ПавлодарЭнергоМонтаж» ЖШС-нің басшылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қаражаттар 2021 жылы Көкшетау қаласында ескі аэропорттан бастап Қан орталығына дейін «Набережная» жағажайын салуға бөлінген.

ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКС

Күдіктілердің әрекеттері аса ірі көлемде жымқыру – талан-таражға салу, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сараланды. Көрсетілген бап бойынша мүлкін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Барлық күдікті сот санкциясымен күзетпен ұстауға алынды.

ТЕРГЕУ

Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік –Астана қаласында 95 млн теңгеге бағаланған коммерциялық жылжымайтын мүлік табылды.

Прокурорлар «Набережная» жобасы бойынша жұмыстың бір бөлігі Атбасар қаласындағы басқа объектісінен жымқырылған ақшаға жасалғаны анықталды.

Сол себепті, бір күдіктінің әрекеті қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату), яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218-бабы 3-бөлігі бойынша қосымша сараланды. Бұл үшін мүлкін тәркілеумен қоса 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі уақытта, қылмыстық іс аяқталу үстінде, соңғы нүктені іс бойынша сот қоятын болады.

Серіктес жаңалықтары