×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

"Әкімдік қызметкерімін": Алаяқ әйел жамбылдықтардың 8 млн теңгесін қалтаға басқан

24.01.2023, 12:19
Фото: дереккөзден

Жамбыл облысында жалған "әкімдік қызметкері" 13 адамды алдаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ мәліметінше, Сарысу аудандық полиция бөліміне Жаңатас қаласының бірнеше тұрғынынан әртүрлі уақытта бір мазмұндағы арыз түсті. Онда олар өзін Ләззат деп таныстырған әйелдің пәтер алып беремін деп сенімдеріне кіріп, қаржыларын иемденіп кеткені туралы көрсеткен.

Аталған әйел 13 адамның жалпы көлемі 8 миллион теңгеден астам ақшасын алып, хабарсыз кеткен. Ол өзінің әкімдікте жұмыс жасайтынын айтқан және аудан орталығынан арзан бағаға кезексіз пәтер алып беремін деп алдаған.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бапқа сәйкес мүлкi тәркiленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған.

“Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 54 жастағы М. есімді ешқайда жұмыс жасамайтын Жаңатас қаласының тұрғынын ұстады. Сонымен қатар ол өз атын Ләззат деп өтірік айтқаны белгілі болды. Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды”, – делінген хабарламада.
 

Серіктес жаңалықтары