×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстанда қанша үй су астында тұрғаны айтылды

20.03.2023, 17:32
фото: ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрлігі ең өңірлерінде су басқан үйлер санын жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалиннің сөзінше, күні бүгінге дейін елдің 5 өңірі су тасқынымен арпалысты.

«Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 162 тұрғын үй, 3 ғимарат (спроткешен, кафе және СТО) және 20 саяжай еріген және жаңбыр суының астында қалды. Олар: Түркістан (1-Арыс), Павлодар (1-Баянауыл), Абай (1-Аягөз, 2-Семей), Батыс Қазақстан (73 үй, 20 саяжай) және Ақтөбе (Қобда ауылындағы 79 үй және 3 ғимарат, 5-Ойыл) облыстарында», - деді Оразалин.

Оның айтуынша, барлығы 957 адам эвакуацияланды.

«Қауіпсіз жерлерге 5,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары айдалды. Бүгінгі таңда су басқан күйінде Ақтөбе облысындағы 13 тұрғын үй қалып отыр. Ақтөбе (7) және Қостанай (1) облыстарында жергілікті маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде шаю  жалғасып жатыр.Уақытша эвакуациялау пункттері мен туыстарына 311 адам (Ақтөбе) орналастырылды, тұрғылықты жеріне 646 адам оралды», - деді Қаһарман Оразалин.

Еске салсақ, бұдан бұрын синоптиктер елдің екі өңіріне су тасқыны қаупі төніп тұрғанын мәлім еткен.

Серіктес жаңалықтары