×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Ауылдары ауыз судан тарығып отырған облыстар аталды

27.04.2023, 14:19
elenach.ru

2023 жылы ел тұрғындарын сумен жабдықтауға бюджеттен 280 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы мәлім етті.

«Қазақстан қалалары бойынша халықтың 98,4 пайызы сумен қамтамасыз етілген, оның ішінде СҚО, Маңғыстау, Атырау,Қызылорда, Жетісу, БҚО, Ұлытау, Ақтөбе, Алматы облыстарында қала халықтары толыққанды сумен қамтылған. Қалаларда ауыз сумен қамтудың ең төмен деңгейі Жамбыл облысында (91,9%), Абай облысында (92,8) және Ақмола облысында (95,3) байқалады», - деді Ә. Пазылбекұлы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның дерегінше,  ауыл халқының 94,5 пайызында су бар. Ең төменгі көрсеткіштер – Қостанай облысында – (80,4%), Ақмола облысында (89,8%) және Солтүстік Қазақстан облысында (85%).

«Президент атап өткендей, «Еліміздің әртүрлі өңірлерінің тұрғындары таза ауыз суға, табиғи газға, көлік инфрақұрылымына қолжетімділіктің әртүрлі деңгейде қамтылған. Бұл теңсіздікті жою бойынша жұмысты жандандыру қажет». Биыл сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға республикалық бюджеттен 402 жобаны іске асыруға 280 млрд теңге бөлінді, оның ішінде қалаларда 135 жобаны іске асыруға 167 млрд теңге және ауылдарда 267 жобаны іске асыруға – 113 млрд теңге бөлінді», - деді комитет өкілі.

Серіктес жаңалықтары