×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Әлеуметтік мекемеде уланған: Алты бала жансақтау бөлімінде ем алып жатыр

07.08.2023, 09:21
Әлеуметтік мекемеде уланған: Алты бала жансақтау бөлімінде ем алып жатыр
Фото: Ашық дереккөзден

Бүгін түстен кейін тағы үш ауруханадан шығарылады. Облыс әкімдігі осындай ақпарат таратты, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, жансақтау бөлімінде 6 бала тұрақты жағдайда жатыр. Нейробокс бөліміндегі 3 бала бар. Олардың сырқаты асқынбаған. Жағдайы тұрақты.

Барлығы - 9 науқас. 2 бала - балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде, қалған 7-і облыстық клиникалық ауруханасының жұқпалы аурулар орталығында жатыр. Үш бала бүгін шығады.

 

Еске салайық, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланғаны хабарланған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, балалардың улануына тамақтың қатысы жоқ.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл осы оқиғадан кейін елдегі 84 әлеуметтік мекеменің барлығы жіті тексерілетінін мәлім етті.

Сондай-ақ, Қарағандыда балалар уланған орталықтың 12 қызметкері жұмыстан шеттетілгені белгілі болды. Бір бала көз жұмды.