×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«KazakhExport» бюджеттен қанша қаражат алып отыр

28.12.2023, 09:49
Коллаж: ulysmedia.kz.

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, сақтандыру компаниясының жалпы капиталы 500 млрд теңгеден асады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– «KazakhExport» компаниясының қаржысы екі бөліктен тұрады: біріншіден өзінің меншікті капиталы 113 млрл теңге. Одан бөлек мемлекеттік кепілдік көлемі 412 млрд теңге. Соны қосқанда 525 млрд теңгемен кепілдендіру және сақтандырумен айналысады. Барлық капиталмен экспортшыларға көмек көрсетіп жатыр, – деді Төребаев сенат отырысында.

Десе де, вице-министр “Бәйтерек” холдингіне қарайтын осы компания бюджетке қанша қаражат түсіретінін нақты айта алмады. Депутаттардың сауалына жазбаша жауап беретінін айтты. Жалпы 2003 жылдан бері осы компания тек пайдалы екенін көрсеткенін атап өтті. 

Еске сала кетейік, бұған дейін сауда және интеграция министрлігі неліктен Forbes олигархтары мен ресейлік ірі "ЛукОйл" мұнай компаниясы  "ҚазақЭкспорт" АҚ арқылы Қазақстан бюджетінен қаржылай қолдауға ие болып отырғанын түсіндіре алмаған еді.

Серіктес жаңалықтары