×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

180 млрд теңге: Министр зейнетақы қорының ақшасы вагон сатып алуға жұмсалатынын растады

21.02.2024, 12:27
Коллаж: ulysmedia.kz.

Көлік министрі Марат Қарабаев зейнетақы қорынан алынатын қаражат тиімді түрде жұмсалатынына сендіргісі келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Вагондар қайдан сатылып алынады?

– Зейнетақы қорынан вагондарды сатып алуға қаржы бөлінеді деген сөз қоғамда қызу талқыланып жатыр. Иә, зейнетақы қорынан “Бәйтерек” холдингі қаржы алды. Соның ішінде вагондарға 180 млрд теңге жұмсалып отыр. Ол ақшаға жолаушыларды тасымалдайтын 100 вагон алынып жатыр. Жүктерді тасымалдауға үш мың вагон алынып жатыр, – деді Қарабаев мәжіліс кулуарында. 

Қарабаев төрт бағытқа назар аударуға шақырады. 

– Зейнетақы қорында қаражаты жұмсалған азаматтарға бұл міндетті түрде пайда әкеледі. Бұл реттте бірінші мәселе – халықтың сол жақтағы ақшасы елге, жұртқа пайда әкеледі. Өйткені бұл нарықтық пайызбен алынған ақша. “Бәйтерекке” жеңілдетілген ақша берілген емес. Екіншіден, басқарушы холдинг мемлекеттікі. Соның арқасында ол ақшаны қайта қорға айналып келіп қаражаттың түсуіне мемлекет толық кепілдік береді. Үшіншіден, вагондар отандық зауыттардан алынады. Сол жақтағы қазақстандықтардың айлығы, зауытты қосымша қолдайды. Төртіншісі – түбінде вагон ел игілігіне жарайды, – дейді Марат Қарабаев.

Министр жолаушыларды тасымалдайтын вагондар Петропавлдағы ЗИКСТО компаниясынан алынатынын, ал жүк вагондарын Екібастұздағы компания шығарады. “Ал ЗИКСТО-да ресейлік үлес бар емес пе?” деген сұраққа министр былай дейді.

– Мәселе, құрылтайшыларда емес қой. Менің білетін ақпаратым – құрылтайшы Қазақстан азаматы. Басқа елдің өкілдері құрылтайшылар қатарында болса да, зауытта толық Қазақстан азаматтары жұмыс істейді. Басшысы да, жұмысшысы да біздің азаматтар, – дейді Қарабаев.

Бұл қандай жобалар?

Бұған дейін ұлттық экономика министрі болған Әлібек Қуантыров бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 173 млрд теңгесін "Бәйтерек" холдингінің облигацияларына салу жөніндегі шешімге түсініктеме берген болатын. Оның сөзінше, бұл шығын инфрақұрылымдық жобаларды, атап айтқанда, өте қажетті жолаушылар жүк вагондарын сатып алуды жүзеге асыруға көмектеседі. Жолаушылар вагонының 50-70% тозып тұрғанын айтқан Қуантыров вагондар отандық компаниялардан жеткізілетінін хабарлаған.

Оның алдында "Самұрық-Қазына" АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов энергетика жобалары үшін БЖЗҚ-дан 1,5 трлн теңге көлемінде қаражат қалай пайдаланылатыны туралы мәліметтерді жариялаған еді.

Серіктес жаңалықтары