×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Алтын өндірісі 2,2 есе өсті: Елдегі алтын қоры мол өңірлер

28.12.2021, 16:01
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 2009 жылдан 2020 жылға дейін алтын өндіру көлемі 2,2 есе өсті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Кез келген мемлекеттің қаржылық тұрақтылығының кепілі – резервтері.  Мемлекеттің алтын қоры неғұрлым көп болса, оның экономикалық тәуелсіздігі соғұрлым жоғары болады. Бүгінгі таңда Қазақстан алтын өндіру көлемін ұлғайтуға бет бұрды. Kapital аналитикалық сайты елдегі алтын өндірісі нарығына шолу жасады.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛТЫН НАРЫҒЫ

Қазақстан алтын өндіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, бұл құбылмалы әлемдік нарық жағдайында түсінікті қадам. Өндіру көлемі 2009 жылдан бастап 2020 жылға дейін 2,2 есе өсті және 2020 жылы бұл көрсеткіш 26,4 млн тоннаға жетті.

Алтын қоры бойынша Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары еліміздің көшбасшылары. Алтын кен орындары Ақтөбе, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар, Қарағанды және Жамбыл облыстарында бар.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2010-2020 жылдар аралығында өңделмеген алтын өндіру көлемі 4,3 есеге артып, 117 тоннаға жетті. Тазартылған алтын өндірісі 5 есеге өсіп, 67,8 тоннаны құрады.

Өндіріс көлемінің артуына «Бозшакөл» және «Ақтоғай» (Kazminerals) кен орындарын игеру, Ақбақай алтын шығару фабрикасын жаңғырту және «Пустынное» жобасын іске қосу («Алтыналмас» АҚ), Бақыршық кен орнындағы өндіріс (Polymetal) және жылына 25 тонна алтын шығаратын «Тау-Кен Алтын» ЖШС жаңа аффинаж зауытын іске қосу сияқты ірі жобалар ықпал етті.

Fitch Solutions компаниясының болжамына сәйкес, қысқа мерзімді перспективада 2021 жылы әлемде экономикалық белсенділіктің баяулауы, облигациялар кірісінің төмендеуі және белгісіздік күтіледі. Бұл алтын бағасын арттыра түсуі мүмкін. 2021 жылы алтынның орташа бағасы бір унция үшін 1 780 доллар болады. Алдағы жылдары оның өндірісі тек артады. 2021 жылы әлемдік алтын өндірісінің өсуі 109,4 млн унцияны құрады және 2030 жылға қарай 141,7 млн унцияға жетіп, жыл сайын орта есеппен 3,2% - ға өседі деп болжануда.

Кеніштер алтын өндірісінің негізгі көзі болып қала береді, бірақ ұзақ мерзімді өндіріс кен сапасының төмендеуін қоса алғанда, басқа да проблемаларға әкеледі. Бұл да ұзақ мерзімді перспективада қымбат металдың бағасын ұстап тұра алады.

ҰЛТТЫҚ БАНК САЯСАТЫ

Теріс макроэкономикалық үрдістерді ескере отырып, ҚР Ұлттық Банкі 2015-2021 жылдары өзінің халықаралық резервтерін 29,06-дан 35,6 млрд долларға дейін ұлғайтты.

Баяу вакцинация, жаңа штамдардың пайда болуы және карантин шектеулері, сондай-ақ энергетикалық дағдарысқа байланысты инфляцияның өсуі алтынға жаһандық сұраныстың өсуін тежейді. Бұл Ұлттық Банкі елдің алтын-валюта резервінің көлемін ұлғайтуды жалғастырады деген сөсз.  Осылайша, 2021 жылдың бірінші тоқсанында алтын қоры 396 тоннаға дейін өсті. Бұл 2013 жылдан бергі ең көп өсім.

Алтын бағасының қарқынды өсуі елімізде алтын өндірудің үлкен перспективаларға ие болуына ықпал етеді.

Серіктес жаңалықтары