×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Қазақстан экспортының 70% әлі де мұнай мен металға тәуелді

29.12.2021, 10:22
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық банк Қазақстаннан басқа елдерге шығарылатын өнімнің басым бөлігі шикізаттан құралғаны туралы деректі жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жалпы Қазақстанның экспорты биылғы алғашқы 9 айда өскен. Атап айтқанда, 2020 жылғы пандемиядан кейін әлем елдеріндегі өндіріс қалпына келген кезде отын-энергетикалық тауарларға деген әлемдік баға өскендіктен экспорт жыл басынан бері (2020 жылдың 9 айында +20,6%) ұлғая бастаған. Қазақстан шет елге мұнай, мыс, ферроқорытпа, темірден жасалған, темір және мыс кендерінен шыққан тегіс прокаттар, концентраттар, бидай, мұнай өнімдерін, алюминий, күміс пен цинк өнімдерін көптеп сата бастады.

Солай бола тұра, белгілі бір тауарлар экономиканың өсімін тежеп тұрды. Бұл – уран (0,8 млрд АҚШ долларына дейін 36,9%-ға қысқарды), газ (1,6 млрд АҚШ долларына дейін -20%-ға қысқарды), бағалы металдардың кендері мен концентраттары (0,5 млрд АҚШ долларына дейін -9,0%-ға дейін қысқарды).

«Әртараптандыру деңгейі төмен болғанда экспорт әлемдік тауар нарығындағы жағдайға жығылып отырады: экспорттағы мұнайдың үлесі 51,5%, металл үлесі – 19,1%, газдың үлесі – 3,6%, уранның үлесі – 1,9% құрады», - дейді Ұлттық банктен.

Серіктес жаңалықтары