Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Синоптиктер мәліметінше, 17 қазанда Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел болмауы, тұман) жиынтығы.