×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

691 млрд тг: АҚШ-та 65, Швейцарияда 38 банкте шенеуніктердің шоты анықталды

04.10.2021, 09:22
Фото: Ашық дереккөзден

Билік 2025 жылға қарай елдің барлық тұрғындарын қамтитын жалпыға бірдей декларациялауды енгізбекші.

ҚР Қаржы министрлігі кірістерді жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің қорытындысын шығарды. Биыл өздерінің активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтерді мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары тапсырған болатын, деп хабарлайды ulysmedia.kz “Ритм Евразии” порталына сілтеме жасай отырып.

"Декларация тапсырған 497 мың адамның 440-ының 58 мемлекеттің шетелдік банктерінде шоттары бар. Ақшаның жалпы сомасы 691 млрд теңгені құрайды. Олардың көпшілігі Ресейде (140 жеке тұлға), АҚШ-та (65) және Швейцарияда (38) шоғырланған", -  деді Кіріс комитет төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев.

Іңкәрбаевтың мәліметінше, 494 адам Қазақстаннан тыс 26 елде 666 жылжымайтын мүлік объектісін декларациялаған. Оның 436-сы Ресейде, 44 – і БАӘ-де, 38-і Түркияда. 1030 жеке тұлға 49 шет елде 1198 көлік құралын жариялады. Оның ішінде 292 – Ресейде, 235 – Арменияда, 221 – Жапонияда, 162-Германияда.

Шетелдегі меншігі туралы ақпаратпен бөліскісі келетіндер аз екені түсінікті.

"Мемлекеттік қызметшілердің бір бөлігі декларацияны да ұсынады, бірақ кірістер мен жылжымайтын мүлік объектілерін көрсетпеу үшін оларды өз туыстарына, таныстарына және т.б. тіркейді", – деп атап өтті Ж. Іңкәрбаев.

Билік мұндай әрекеттерге тосқауыл қойып, 2025 жылға қарай елдің барлық тұрғындарын қамтитын жалпыға бірдей декларациялауды енгізбекші.

 "Осылайша, мұндай схемалар, айла – шарғы жасау мүмкін болмайды", - деп сенеді Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.

Серіктес жаңалықтары