×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Тұрғындар көппәтерлі үйді қалай басқара алады

13.09.2021, 16:22
фото: ашық дереккөзден

2021 жылдың басында тұрғын үй заңнамасына бірқатар түзету енгізілді. Оларға сәйкес, ПИК басқару нысаны біртіндеп мүлік иелері бірлестігіне (МИБ) ауыстырылады. Оның негізгі идеясы – көппәтерлі үйді иелерінің өзінің басқаруы, деп хабарлайды ulysmedia.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

 

«Жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін МИБ ұйымы басты және тиімді құралдардың бірі болып саналады. Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өз үйінің ішкі жұмыстарын ұйымдастыру, үйінің даму жоспарын әзірлеу, жайлылықты жақсарту және қауіпсіздікті арттыру үшін проблемаларды қиындықсыз шешуді үйренсе жергілікті атқарушы органдарға жүгінудің еш қажеті болмайды», - деп мәлімдеді елорданың МИБ орталығы.

Көппәтерлі тұрғын үйді жинауға, инженерлік жүйелеріне қызмет көрсетуге, ағымдағы және күрделі жөндеуге байланысты барлық қызметті пәтер иелері өз қаржысынан төлейді. Меншік иелері тарапынан ай сайынғы төлемдер шығындарға жұмсалады және болашақта күрделі жөндеу жүргізу үшін жеке төлем жасалады.

Әрбір үй шаруашылығы үшін МИБ құру – бұл үй қаражатының қайда жұмсалғанын бақылап отыру және бірінші кезекте үй аумағына енгізілетін түзетулер туралы шешім қабылдау.

Кейбір үйлер, әсіресе қараусыз қалған үйлер мемлекеттік органдардың қолдауына мұқтаж. Бірақ қалпына келтіру жұмыстарына көмек көрсету үшін жергілікті атқарушы органдар күрделі жөндеу жүргізу, үй ішіндегі немесе аула аумағындағы жабдықтарды ауыстыру мүлік иелерінің көпшілігінің қалауы екеніне сенімді болуы тиіс.

«Көбінесе меншік иелері жиналыстар, сауалнамалар, шығындар мен шығындар сметасы, сондай-ақ уәкілетті органдардың келісімінсіз қолданыстағы құрылымға өзгерістер енгізуге байланысты жұмыстарды талап ете бастайды. Бұл мүлдем дұрыс емес. Себебі барлық іс-шара, шығындар, жобалық құжаттама, жабдықтар және оның құрылыс нормалары мен ержелерінің сәйкестігі бойынша өзге меншік иелерімен және уәкілетті органдармен келісілген құжаттық растаусыз жергілікті атқарушы органдар, басқа да кәсіпорындар тұрғын үй нысанының аумағына кіріп, жұмыс жүргізуіне құқы жоқ», - деді қалалық МИБ орталығы.

Өз үйінің шығындарынан хабардар болу және оны бақылау тұрғын үй сияқты шағын мемлекетті басқарудың жеке моделін құруға мүмкіндік береді. Өйткені, тұрғын үйге қатысты барлық проблема «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңымен реттеледі және меншік иелерінің өздерінсіз, олардың бекіткен жоспарынсыз, жалпыүйлік жиналыстарда қабылданған шешімсіз үйге ешкім өзгеріс енгізе алмайды.

Серіктес жаңалықтары