×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Елімізде 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есе төмендеді - министрлік

21.10.2021, 16:00
Фото: Ашық дереккөзден

Халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі белсенді шаралардың арқасында 2001-2020 жылдар кезеңінде Қазақстанда кедейлік деңгейі, яғни табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 46,7%-дан 5,3%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды еңбек министрлігі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін 2020 жылдан бастап қолданыстағы АӘК беру жүйесі түзетілді. Басты бағдар еңбекке ынталандыру, аз қамтылған азаматтардың табыстарын есепке алуға және мемлекеттік қолдау мөлшеріне қатысты ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету болды.

4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға табысына қарамастан 46 760 теңгеден (4 бала) 186 688 теңгеге (16 бала) дейін сараланған мөлшерде төленетін мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Бұл ретте АӘК шеңберінде балаларға белгіленген төлемдер алынып тасталды.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бұл жәрдемақыны орта есеппен 443,5 мың отбасы жалпы сомасы 210,2 млрд теңгеге алды.

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы жүйесі жаңғыртылды:

- тоқсан сайынғы АӘК тағайындау қайтарылды;

- АӘК еңбекке қабілетті алушыларға қойылатын талаптар күшейтілді, яғни олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің ұсынылған белсенді шараларынан бас тартқан жағдайда, АӘК алу құқығын отбасының барлық мүшелері жоғалтады;

- учаскелік комиссиялар институты күшейтілді. Олардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу мерзімі 3 күннен 7 күнге дейін ұзартылды.

«Ағымдағы жылдың 1 қазанына АӘК 189 мың отбасына немесе 903,9 мың адамға тағайындалды, оның ішінде шартсыз ақшалай көмек – 129,2 мың адам немесе барлық АӘК алушылардың 14,3% - ы (35,7 мың отбасы), шартты ақшалай көмек – 774,7 адам немесе 85,7% (153,3 мың отбасы). Шартты ақшалай көмек алатын еңбекке қабілетті АӘК алушылар санынан (252,5 мың адам) жұмыспен қамтылғандар мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандар саны 176,6 мың адамды немесе 69,9% – ды құрады», – деп хабарлайды Асқар Ниязов.

Серіктес жаңалықтары