×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Педофилдерге өмір бойы түрме, суицидке үндеушілерді қатаң жазалау: заң жобасы парламентке түсті

31.01.2024, 09:17
Педофилдерге өмір бойы түрме, суицидке үндеушілерді қатаң жазалау: заң жобасы парламентке түсті
Коллаж: ulysmedia.kz.

Заң жобалары мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Заңға қандай нормалар ұсынылып отыр

Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жоба мемлекет басшысының отбасылық-зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді. Заң жобасында, депутаттар келесі негізгі нормаларды ұсынады:

  • Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді, қазіргі әкімшішік жауапкершіліктен  қылмыстық жауапкершілікке жатқызу, және де жазасын әлдеқайда қатаңдату;
  • Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы бақ, немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тісті шараларды қабылдау құқығын беру.
  • отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлықын өзгерту үшін, сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру.
  • педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр;
  • суицидты насихаттау үшін, немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
  • балаларға арналған интернаттық ұйымдарға алдын-ала ескертпей ақ,  кез-келген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар ұсынылған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қазақстанда 2023 жылы тұрмыстық-зомбылықтан қанша әйел көз жұмғаны туралы мәлімет шыққан болатын.