×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстан азаматтарының жеке деректерін заңсыз алмақ болған адам сотталды

Фото: ҰҚК

Қазақстан азаматтарының жеке деректерін заңсыз алмақ болған Ақтау тұрғынына қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақтаулық хакер мемлекеттік ақпарат жүйелеріне қол жеткізуді көздеген

Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді. Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сотталған елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары болып табылатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізуді жүзеге асырғаны тергеумен анықталды, - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Фигуранттың ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беру үшін ҚР азаматтарының жеке деректерін заңсыз алу фактісі толық дәлелденді.

Қазақстандықтардың деректері Қытайға берілген

Бұған дейін қазақстандықтардың жеке деректері Қытайға беріліп кеткенін жазған болатынбыз. Бүгінде ҰҚК тексеру жүргізіп жатыр.

Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігімен ынтымақтасатын iSoon компаниясы құпия құжаттамалардың жылыстап кетуіне жол бергені белгілі болды. Файлдар GitHub қызметінде ашық жарияланып кеткен. 

Шетке шығып кеткен ақпараттарға қарағанда Қытайда алынған деректерді талдап, сұрыптай отырып, интернеттегі жарияланымдарды бақылау жүйесі жасалған. Атап айтқанда, Қытай билігі үшін қызығушылық туғызатын тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беретін Х әлеуметтік желісіндегі посттарды бақылау платформасы құрылған.

Зиянкестер кез-келген ақпаратты алу арқылы Android және iOS құрылғыларына шабуыл жасай алады деп болжанып отыр. Құжаттарда Beeline, Kcell және Tele2 сияқты қазақстандық байланыс операторларының деректерінің тарап кеткені хабарланады. Құжаттарда Қазақтелеком мен БЖЗҚ туралы да айтылады.

Серіктес жаңалықтары