×
441.8
480.02
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.8
480.02
4.88

«МӘМС – түбі жоқ қара тесік»: министрлік жарнаны неге азайтқысы келмейді

16.04.2024, 17:20
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұған дейін мәжіліс депутаттары міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бөлінетін жарнаны азайтуды ұсынған еді. Министрлік өз позициясында қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутаттардың уәжі 

Осыдан біршама уақыт бұрын табысы 850 мың теңгеден асатын адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын бес есеге ұлғайту туралы заң жобасы "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында орналастырылған. Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне қарағанда, 2025 жылдан бастап, бұл талап жалдамалы қызметкерлердің жалпы санының 9 пайызына, яғни 502 мың адамның табысына әсер етеді. Ал “Ақ жол” депутаттары аталған порталда жобаны онлайн талқылауға бір сағат қана уақыт бөлінгенін сынайды.

– Жүздеген азамат бұған қарсы пікір білдірді, ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша аударымдарды ұлғайту жөніндегі бастама бизнес өкілдеріне ұнамай, олар да наразы екенін көрсетті, – дейді олар.

Мәжілісмендердің айтуынша, кәсіпкерлер тың талапты сақтандыру емес, салықтың қосымша түрі деп есептейді.

– Салықтарды ашық түрде пайдалану керек, ал МӘМС қорының жұмысы – бұл бір үлкен жұмбақ және бір үлкен түбі жоқ «қара тесік». Мұндай жағдайларда алдыңғы жүздеген миллиардтардың қалай және неге жұмсалғанын түсінбей тұрып, қорға төлемдерді бес есе арттыру қоғам үшін тым қымбат және бизнеске шамадан тыс жүктеме, – деген еді депутат Ержан Бейсенбаев.

Министрліктің жауабы

Парламенттегілердің бұл сауалына денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жауап берген. Ол МӘМС іске қосылғанға дейін аударымдар мен жарна төмендеп, бұл бастапқы қаржылық үлгіден ауытқудың негізгі себебіне айналғанын, ақыры жүйеге ақша жетпей, медициналық көмек көрсетуге кеткен шығыстар өсіп кеткенін хабарлайды. Осылайша, министрліктің мәліметінше, мемлекеттік жарналар бастапқы көрсеткіштерден 3,5 есе, жұмыс берушілер аударымдары 1,7 есе, жеке кәсіпкерлердің жарналары 1,4 есе қысқарған.

– Тарифтердің өзгеруінен МӘМС бойынша тапшы қаражат көлемі 1,8 триллион теңгені құрады. 2023 жылы ТМККК-дан МӘМС-ке медициналық көмекті ауыстыруға байланысты тапшылық 245 млрд теңгені құрады, – дейді Сұлтанғазиев.

Министрлік қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін: әдеттен тыс шығындарды оңтайландыру; қаражаттың пайдаланылуын бақылау, қосып жазуға қарсы күрес, сондай-ақ саланы қаржыландыруды ұлғайту шаралары көзделгенін ескертеді. Сондай-ақ, 2025 жылдан бастап жұмыскерлердің табысының шекті мәнін ең төменгі жалақының 10-нан 50-ге дейін арттыру ұсынылады.

– Бұл стандарт еліміздегі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында енгізіліп жаыр. Осыған байланысты ДСМ ұсынып отырған МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды есептеу үшін ай сайынғы кірістің жоғарғы шегін 2025 жылдан бастап 10-нан 50 ең төменгі жалақыға дейін көтеру жөніндегі норма 850 мың теңгеден артық кіріс алып отырған жалдамалы жұмыскерлердің 9%-на ғана әсер етеді, ал 91% жалдамалы жұмыскерлерге аталған шара әсер етпейді, – дейді ол.

Қазақстан қандай қаржыландыру үлгісін таңдады

Іс жүзінде әлемде, қаражат бөлудің үш түрі бар. Олар: регрессивті бөлу (бұл табысы төмен адамдар көп төлейтін), пропорционалды бөлу (барлығы пропорционалды төлейтін), прогрессивті бөлу (табысы төмен адамдар аз үлесті төлейтін кез). Қазақстан жоғарғы төменгі шекті енгізуге байланысты регрессивті бөлу жүйесін қолданылады.

Мысалы сіздің айлығыңыз 300 мың, екінші адамның айлығы 3 млн теңге болса...

– Табысы төмен адамдар табысы жоғары адамдардан артық төлемеуі керек. Бұл норма зейнетақы жарналарына да ұқсас, мұнда жоғарғы шегі ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерін құрайды, – дейді министрлік.

Мысалмен көрсеткенде былай: 300 мың теңгеден (шамамен республикадағы орташа жалақы), 1 млн 500 мың теңгеден (орташа жалақыдан 5 есе жоғары) және 3 млн теңгеден (орташа жалақыдан 10 есе жоғары) тұратын үш жалақыны алайық. МӘМС жарнасы айына 300 мың теңгеден – 6 мың теңгені немесе 2%- ды; 1 млн 500 мың теңгеден – айына 17 мың теңгені немесе 1,1%-ды; 3 млн теңгеден – айына 17 мың теңгені немесе 0,6%-ды құрайды.

– Яғни регрессивті бөлуде табыс неғұрлым аз болса, салым соғұрлым жоғары болады (кірістің %-ы). Әділ бөлу кірістер неғұрлым жоғары болса, жауапкершілік соғұрлым жоғары болуын көздейді, – дейді министрліктің өкілі.

Сұлтанғазиевтің айтуынша, аударымдарды ұлғайту денсаулық сақтау шығыстарын қаржыландыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұған профилактика, диагностика және емдеу кіреді. Медициналық көрсетілетін қызметтер қол жетімді болады, технологияларды енгізу аурудың ерте кезеңдерінде алдын алуға немесе өмірді сақтауға мүмкіндік береді деп сендіргісі келеді ол.

Серіктес жаңалықтары